Астанадағы жайлы мектепте оқушыларға қандай жағдай жасалған
09:02 31.08.2024 (жаңартылды: 11:41 31.08.2024)
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Биыл республика бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алғаш рет бірнеше мектеп пайдалануға берілді. Астанада салынған білім беру ошақтары да бар.
Sputnik Қазақстан тілшісі "жайлы мектептердің" біріне барып, балаларға қандай жағдай жасалғанын көрді, басқа мектептерден айырмашылығын да білді.
Бір сыныпта – 24 бала
Астанада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтеген білім ошақтарының бірі Жошы хан көшесінде орналасқан. Бұл - №104 орта мектеп. Ал президент Тоқаев тура сондай №103 орта мектепке барған. Екеуі бір-біріне ұқсайды, сырты жасыл және сары түспен қапталған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері де бар.
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
Мектептердің іші де бірдей. Балалардың жайлы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Бекпембетованың айтуынша, бір сыныпқа 24 баланы ғана қабылдайды. Одан көп алуға болмайды.
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
"Біздің мектебіміз соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Smart-тақталар, робототехника кабинеттері, мобилография курстары бар. Физика мен химия пәндері бойынша барлық қажетті құрал-жабдықтарды қолданамыз. Спортқа да үлкен басымдық беріледі. Мектепте үш бірдей спортзал бар. Бастауыш сыныптарға арналған екі шағын зал, ал жоғары сыныптар үлкен спорт залда жаттығады. Бұдан бөлек, хореография залы бар", - дейді Бекпембетова.
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
Жайлы мектепте оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды зерттеу мен жасанды интеллектіні қолдану дайындығына да көңіл бөлінеді.
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
Кіші сыныптар үлкендермен араласпайды
Білім ордасының аумағында және ғимараттың ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Ал бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, дәретханасы да, шешінетін жерлері де бөлек. Соның арқасында буллинг сияқты әрекеттерге жол берілмейді.
"Бұдан бөлек, мектебімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған. Олар үшін арнайы әжетхана да жабдықталған. Есігін темірден жасап қойды. Өрт болған жағдайда ішінде отыруға болады, өрт кірмейді. Ал лифтің жанында арнайы қоңырау түймесі орнатылған. Оны басса, көмекке адам келеді. Мектепте 12 есіктен далаға шығуға болады. Бұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалған", - дейді директордың орынбасары.
Бастауыш сыныптарда әрбір баланың өз партасы бар. Оның жанында ешкім отырмайды. Ал жоғары сыныптарда екі адамдық парталар қойылған.
© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
© Арман Асқар
"Мәселен, математика кабинетінде негізгі құрал-жабдықтардан бөлек, балалардың ой өрісін дамыту үшін шахмат, үстел ойындары, түрлі-түсті фигуралар және ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ бар", - деп атап көрсетті Бекпембетова.
Жайлы мектептің басты ерекшелігі
Жайлы мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерді қатаң іріктеуден өткізген. Алдымен қажетті педагогтардың тізімі жарияланды. Одан кейін әрбір кандидаттың құжаттары тыңғылықты зерделенді. Осылайша, арнайы комиссия шешімімен кәсіби мамандар жұмысқа қабылданды.
"Жайлы мектебіміздің тағы бір ерекшелігі сол, біз балаларды үлгерімі жақсы, орташа немесе нашар деп бөлмейміз. Ата-аналар өтініштерін қалай береді, тура сондай ретпен сыныптар жасақталады. Сосын басқа мектептерде оқушыларды тереңдетілген бағыттарда – физика немесе математикаға бөледі ғой, біз олай да бөлмейміз. Барлық балаға жайлы болу үшін ешкімді бөліп жармаймыз", - дейді Бекпембетова.
Айта кетері, биыл Астанада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 24 оқу ошағы пайдалануға беріледі