Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды

Ол азаматтардан 343 мың АҚШ долларын жымқырған
Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдіктіге халықаралық іздеу жариялады.
Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды

"Дана Батыршина – 1976 жылдың 26 қыркүйегінде туған, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген", - деп делінген агенттіктің хабарламасында.

Күдікті азаматтардан жалпы сомасы 65,9 миллион теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.
Атап айтқанда, "Thefiniko" компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарлау қажет:
+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,
+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.
Агенттік сыйақы мен анонимдікке кепілдік береді.
Қазақстанда 1WIN онлайн-казино ұйымдастырушыларына іздеу жарияланды