Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
Жазылу
Ол азаматтардан 343 мың АҚШ долларын жымқырған
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдіктіге халықаралық іздеу жариялады.
Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды
Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2024
Қаржы пирамидасын басқарған шетелдік әйелге іздеу салынды

"Дана Батыршина – 1976 жылдың 26 қыркүйегінде туған, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген", - деп делінген агенттіктің хабарламасында.

Күдікті азаматтардан жалпы сомасы 65,9 миллион теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.
Атап айтқанда, "Thefiniko" компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарлау қажет:
+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,
+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.
Агенттік сыйақы мен анонимдікке кепілдік береді.
Рулетка в казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2024
Қазақстанда 1WIN онлайн-казино ұйымдастырушыларына іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0