АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті болған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.
"Өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 келіге жуық героин мен салмағы 10 келіден асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды", - деп хабарлайды ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.