Батыс Қазақстанда есірткі жасырумен айналысқан студент ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
18 жастағы студенттің Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленді. Алынған заттар сараптамаға жіберілді.
Ұсталған кезде бұл жігіт 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, жуырда БҚО аумағында “Орал-есірткісіз қала” атты нашақорлыққа қарсы бағдарлама іске қосылған еді. Осы бағдарлама аясында нашақорлықпен күресу ісіне барлық мүдделі ұйымдар жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0