Тәжікстанда көріпкелге барғандар жауапқа тартылады

Полиция жедел-профилактикалық тексерулер кезінде көріпкелдер мен балгерлерге жүгінген 150-ден астам азаматты анықтаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Тәжікстанда көріпкел мен балгердің қызметіне жүгінетіндермен енді ішкі істер министрлігі айналысады, деп хабарлады Avesta.tj порталы.
Министрлік көріпкелдер мен балгерлерге ғана емес, олардың клиенттеріне де қатысты құқықтық шаралар қабылдайды.
Полиция жедел-профилактикалық тексерулер кезінде көріпкелдер мен балгерлерге жүгінген 150-ден астам азаматты анықтаған.
"Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында көріпкелдер мен балгерлерге жүгінетін барлық азамат ІІМ бөлімшелеріне шақырылады. Олардың деректері ІІМ мұрағатына енгізіледі", - деп хабарлады министрлік.
Ал анықталған азаматтардың көріпкелдер мен балгерлерге қандай себеппен жүгінгені туралы нақты айтылмаған.
Нұр-Сұлтан тұрғыны балгерге 60 млн теңге апарып берген