Нұр-Сұлтан тұрғыны балгерге 60 млн теңге апарып берген

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясына арызданған әйел балгерге алданып, 60 миллион теңгесінен айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Келіншек отбасын дуадан тазалап жүрмін деп, балгерге барған сайын ақша беріп отырған. Сөйтіп, бір жылдың ішінде 60 миллион теңгеден қағылған. Ал балгерге алданғанын түсінгеннен кейін полицияға арыз түсірген.
"Жәбірленуші көмек сұрап барғанда балгер бірден отбасын дуалап тастағанын, оны дереу қайтару керектігін айтқан. Осылайша, бір жыл бойы алдап, ақшасын иемденіп кеткен", - дейді тергеу бөлімінің бастығы Талғат Жолдасов.
Ал психолог мамандардың сөзіне қарағанда, балгерге барған адам күйзелістен шығу жолдарын іздейді. Енді біреулер жақсы сөз естіп, мотивация алғысы келеді.
"Сосын адамның жеке мотивациясы, қандай да бір мақсатқа жетуге қажетті ішкі энергиясы жетпей тұрғанда балгерге барады. "Бәрі болады, ойлап жүрген мақсаттарыңа жетесің" деген сөзді естігісі келеді. Осыдан кейін өз-өзіне деген сенімі артады, сол бағытта жұмыс істеуге тырысады", - деп түсіндірді психолог Динара Ибрагимова.
Қазір желіде балгерлердің қызметі көбейді. Біреулер ТiкТок-та тікелей эфир арқылы бал ашса, енді біреулер мессенджер арқылы хат жазысып, ақша тауып жатады.
Жаңалықтар
0