АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
18 жастағы студенттің Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленді. Алынған заттар сараптамаға жіберілді.
Ұсталған кезде бұл жігіт 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, жуырда БҚО аумағында “Орал-есірткісіз қала” атты нашақорлыққа қарсы бағдарлама іске қосылған еді. Осы бағдарлама аясында нашақорлықпен күресу ісіне барлық мүдделі ұйымдар жұмылдырылды.