Ақтөбе облысында қайтыс болғандар баспанаға мұқтаждар кезегінде тұрған

Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында баспанаға мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Прокуратура мәліметінше, Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар.
"Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерек қорынан шығарылмаған. Сонымен қатар, мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Талдау нәтижесі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды.
Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.
Қостанай облысында сот орындаушылары қайтыс болған борышкерлерден қарызын өндіріп келген