Қостанай облысында сот орындаушылары қайтыс болған борышкерлерден қарызын өндіріп келген

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Заңды сақтамау салдарынан қайтыс болған 390-нан астам азамат борышкер болып қала берген
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Қостанай облысында қайтыс болған борышкерлер мен өндіріп алушыларға қатысты сот орындаушылары шара қолданбаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес, қарызын өндіре алмай қайтыс болып кеткен борышкерлердің қарыз мәселесін сот орындаушыларыбір күнге тоқтата тұрады.
"Қарызын өндіріп ала алмай бақилық болған адамның мұрагері бар-жоғы анықталады. Егер өндіріп алушы немесе қарыз болған азамат қайтыс болғаннан кейін талаптар немесе міндеттер мирасқорына ауыса алмаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады", - дейді прокуратура.
Прокуратура сараптама жүргізгенде бірқатар мәселелер анықталған.
"Қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылмаған. Қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты мәселе шешілмеген. Қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылмаған", - дейді ведомство.
Мемлекет кірісіне 4,6 млн теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылмаған.
Заңды сақтамау салдарынан қайтыс болған 390-нан астам азамат қарызынан сол күйі құтылмаған. Олар борышкер болып қала берген.
Осы факт бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, дейді прокуратура.
Жаңалықтар
0