АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Көлік министрлігі тағы бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйені енгізеді.
"Ашық НҚА" порталында республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар қоғамдық талқылауға шығарылды. Олар:
Үшарал-Достық;
Тараз айналма жолы;
Қарағанды айналма жолы;
Бурылбайтал-Шу;
Қандыағаш-Мақат
"Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталады", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, қазіргі кезде бірнеше жол учаскесінде ақылы жүйе жұмыс істейді. Ал көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеруді жоспарлап отыр.