https://sputnik.kz/20240709/aqyly-zholdar-tarifi-tagy-qymbattaydy--kolik-ministri-45565531.html
Ақылы жолдар тарифі тағы қымбаттайды – көлік министрі
Ақылы жолдар тарифі тағы қымбаттайды – көлік министрі
Sputnik Қазақстан
Көлік министрінің айтуынша, ең арзан ақылы жолдар – Қазақстанда 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T15:23+0500
2024-07-09T15:23+0500
2024-07-09T15:23+0500
ақылы жол
https://sputnik.kz/img/1069/15/10691576_0:208:2001:1333_1920x0_80_0_0_70497e3fcf0550810512548b34621fdb.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеру жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, әрбір жолдың ақысы түрлі деңгейде көтеріледі. Себебі ең арзан ақылы жолдар – Қазақстанда: бір шақырымы – 1 теңге. Ал ақыны көтергеннен кейін 1 теңге 25 тиын болады.Оның айтуынша, көрші елдерде ақылы жолдың бағасы 7 есе, тіпті, 15-20 есеге қымбат."Біздің жүк көліктеріміз ол жаққа барғанда 7 есе қымбат төлейді. Ал олардың көліктері бізде 7 есе арзан бағамен жүреді. Әділетсіз емес қой. Біз – транзиттік елміз, сол себепті транзитпен өтетін көліктер көп. Ал отандық көлік жүргізушілері үшін 15 процентке дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жолдың бойында тұратын халық абоненттік төлеммен жүреді", - деп атап көрсетті Қарабаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/15/10691576_106:0:1883:1333_1920x0_80_0_0_6feb6bebf7cf15c7f4160a1a9548d42d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол
Ақылы жолдар тарифі тағы қымбаттайды – көлік министрі
Көлік министрінің айтуынша, ең арзан ақылы жолдар – Қазақстанда
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеру жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, әрбір жолдың ақысы түрлі деңгейде көтеріледі. Себебі ең арзан ақылы жолдар – Қазақстанда: бір шақырымы – 1 теңге. Ал ақыны көтергеннен кейін 1 теңге 25 тиын болады.
"Мәселен, "Астана-Бурабай" жолының ақысы қазір 220 теңгені құрайды. Негізі, кем дегенде 400 теңге болуы керек. "Алматы-Қарағанды" жолын әлі іске қосқан жоқ. Бірақ пайдалануға берілгенде бір шақырымы үшін 1 теңге болмайды, ол анық айта аламын, шамамен, 3 теңге болады. Біз осы мәселені талқылап жатырмыз", - деді Қарабаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, көрші елдерде ақылы жолдың бағасы 7 есе, тіпті, 15-20 есеге қымбат.
"Біздің жүк көліктеріміз ол жаққа барғанда 7 есе қымбат төлейді. Ал олардың көліктері бізде 7 есе арзан бағамен жүреді. Әділетсіз емес қой. Біз – транзиттік елміз, сол себепті транзитпен өтетін көліктер көп. Ал отандық көлік жүргізушілері үшін 15 процентке дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жолдың бойында тұратын халық абоненттік төлеммен жүреді", - деп атап көрсетті Қарабаев.