АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Сығанақ көшесінің бір бөлігі жартылай жабылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Қалалық әкімдік көшенің жабылуын елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің сол жағындағы Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанымен түсіндіреді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты осыжылдың 24-26 тамызы аралығында жоғарыда аталған жол бөлігі ішінара жабылады. Бұл жағдайда қозғалыс оң жақта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.