Қоғам

Астананың сол жағалауында негізгі көшелердің бірі жабылды

© Пресс-служба акимата АстаныАстана көшесі
Астана көшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2024
Жазылу
Көшенің бір бөлігі кеше кештен бастап 26 тамызға дейін жабылды
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Сығанақ көшесінің бір бөлігі жартылай жабылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Қалалық әкімдік көшенің жабылуын елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің сол жағындағы Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанымен түсіндіреді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты осыжылдың 24-26 тамызы аралығында жоғарыда аталған жол бөлігі ішінара жабылады. Бұл жағдайда қозғалыс оң жақта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Жаңалықтар
0