Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Казталовка-Орал тас жолында болды
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Трагедия таңғы сағат 7-де Казталовка-Орал тас жолында болған.
ГАЗ-3102 көлігі жол жиегінде тұрған шөп тиелген КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Көлікте жеті адам келе жатқан. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Кейінірек тағы бір адам ауруханада көз жұмды.
Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары. Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлады. Онымен бірге әйелі де қайтыс болды. Олардың бес баласы қалды.
Қайтыс болғандар сыныптастар екен. Олардың арасында тағы бір ерлі-зайыпты болған, олардың артында жеті баласы қалды.
Кейінірек Батыс Қазақстан облысының полициясы ақпарат таратты:
"ГАЗ-3102 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "КамАЗ" көлігімен соқтығысқаны анықталды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Екеуі кәмелетке толмаған. Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жол апатынан "ГАЗ-3102" көлігінде отырған полиция қызметкері мен оның жұбайы көз жұмды", - деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Сондай-ақ департамент қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жамбыл облысында жол апатынан алты адам көз жұмды: екеуі патрульдік полиция қызметкері