Биыл 58 млн тоннадан астам көмір өндірілді

Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстанда биыл жеті айда 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Бұл мәліметті орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтты.
"Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді, коммуналдық-тұрмыстық салаға 2,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Көмір экспорты 15,8 млн тонна деңгейінде қалды", - деді Тұрар Жолмағамбетов.
Негізгі көмір өндірушілер – Павлодар облысындағы "Богатырь көмір" ЖШС, Қарағанды облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ, Абай ауданындағы "Қаражыра" АҚ және Павлодар облысындағы "Майкубен-Вест" АҚ.
Qarmet-тегі жағдай бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған – Тоқаев