Биыл 58 млн тоннадан астам көмір өндірілді

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуУголь, архивное фото
Уголь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2024
Жазылу
Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді
АЛМАТЫ, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстанда биыл жеті айда 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Бұл мәліметті орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтты.
"Оның ішінде 37,3 млн тонна көмір энергетика саласына жіберілді, коммуналдық-тұрмыстық салаға 2,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Көмір экспорты 15,8 млн тонна деңгейінде қалды", - деді Тұрар Жолмағамбетов.
Негізгі көмір өндірушілер – Павлодар облысындағы "Богатырь көмір" ЖШС, Қарағанды облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ, Абай ауданындағы "Қаражыра" АҚ және Павлодар облысындағы "Майкубен-Вест" АҚ.
Глава государства посетил металлургический комбинат Qarmet - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Qarmet-тегі жағдай бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған – Тоқаев
Жаңалықтар
0