АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Ұлытауда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 11 қызметкері сотталғандарды азаптағаны үшін сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталушыны азаптау фактісі бойынша осы мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне қатысты үкім шықты.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасары 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айырылды, осы мекеменің басқа 5 және әскери бөлімнің 4 қызметкеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.