https://sputnik.kz/20231017/abay-oblysynda-turmede-zhazasyn-otep-zhatqan-adam-koz-zhumdy-39403352.html
Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды
Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T08:29+0500
2023-10-17T08:29+0500
2023-10-17T08:29+0500
түрме
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f18d086913aac51f7dd00b88d1344bcc.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыстық жазаларды орындау жүйесі депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 5 қазанда 19 қауіпсіздік жүйесі аралас мекемеде болған. Сотталған екі ер адамның арасында жанжал туындады. Қазіргі кезде полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бұдан бөлек, қызметтік тергеу жүргізілді. Соның нәтижесінде түрменің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Айта кетері, дәл осы түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді. Олардың ішінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық ұлан мен полицияда жұмыс істеген адамдар бар.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d701bf42dbd8591857eadf4bdf4525a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрме, абай облысы
Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды
Түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik.
Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыстық жазаларды орындау жүйесі депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 5 қазанда 19 қауіпсіздік жүйесі аралас мекемеде болған. Сотталған екі ер адамның арасында жанжал туындады.
"Сол кезде біреуі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бұдан бөлек, қызметтік тергеу жүргізілді. Соның нәтижесінде түрменің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.
Айта кетері, дәл осы түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді. Олардың ішінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық ұлан мен полицияда жұмыс істеген адамдар бар.