Қазақстандықтардың бір күндік медиандық табысы қанша?

Әлемдік рейтингте ТМД және ОА елдері арасында 4 ел Қазақстаннан жоғары тұр
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстан медиандық кірістер рейтингінде 162 елдің ішінде 71-ші орынды иеленді, деп жазды Finprom.kz.
Wisevoter мәліметі бойынша 2023 жылы әлемдегі медиандық табыс күніне 16 доллар болды. Қазақстанда көрсеткіш – 10,42 доллар (4 976 теңге), бұл 162 елдің ішінде тек 71-ші орынға ие болуға мүмкіндік берді.
Ең жоғары көрсеткіш Люксембургте тіркелді: 69,48 доллар (33 180 теңге). Одан кейін Норвегия, БАӘ, АҚШ және Швейцария орналасқан. Ең төменгі көрсеткіш Мадагаскарда болды.
ТМД және ОА елдері арасында рейтингте Қазақстаннан жоғары Ресей, Беларусь, Украина және Молдава тұр.
Медиандық табыс – табысты тең екі бөлікке бөлетін шама: қызметкерлердің жартысы осы мәннен көп, ал қалған жартысы аз табыс табады.
Қазақстанда орташа жалақы қанша?