Астанаға шұғыл қонған шетелдік рейстің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Кеше Астана әуежайына шұғыл қонған Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"17 тамызда жедел жәрдем қызметі әуежайдан инсульт алған ер адамды №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр", - дейді министрлік.
Ведомствоның айтуынша, 52 жастағы Жапония елінің азаматына "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес ем көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 52 жастағы жолаушының өмірін сақтап қалу үшін Swissair авиакомпаниясының авиалайнері елордаға шұғыл қонды. Ұшақ бұрылған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Салдарынан әуежай бірнеше сағатқа жабылып, 20-дан астам рейс кешікті.
Астанада 20-дан астам рейс кешіктіріліп жатыр