Астанада 20-дан астам рейс кешіктіріліп жатыр

© Photo : предоставлено РГП "КазАэроНавигация"Самолеты в аэропорту Астаны
Самолеты в аэропорту Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Жазылу
Ұшып шығуға жоспарланған 81 рейстің 6-ы, ұшып келуге жоспарланған 80 рейстің 15-і кешіктірілді
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астана әуежайы рейстер туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әуежайдың мәліметінше, қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 81 рейстің 6-ы, ұшып келуге жоспарланған 80 рейстің 15-і кешіктірілді.
Ұшуға:
KС954 Астана - Алматы
KС7508 Астана - Шымкент
KС7334 Астана - Алматы
DV734 Астана - Алматы
KC992 Астана - Алматы
KC7094 Астана - Алматы
Ұшып келуге:
KC953 Алматы - Астана
KC7352 Семей - Астана
KC346 Өскемен - Астана
IQ400 Ақтөбе - Астана
KC206 Дубай - Астана
DV5351 Камрань - Астана
KC7091 Алматы - Астана
KC7507 Шымкент - Астана
KC7333 Алматы - Астана
KC995 Алматы - Астана
DV733 Алматы - Астана
KC7063 Алматы - Астана
IQ512 Новосибирск - Астана
KC7364 Түркістан - Астана
KC7326 Шымкент – Астана рейстері кешіктірілген.
Жолаушылар рейстер туралы және кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады.
Айта кетері, бүгін сағат 16:00-де Токиодан Цюрихке 777-300ER бортында ұшқан Svr 161 Swissair авиакомпаниясының рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алуына байланысты шұғыл қонуға шешім қабылдаған. Алайда экипаж қателік жіберіп, әуе кемесі топыраққа шығып кеткен.
Салдарынан сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын орындау үшін дабыл жарияланып, әуежай 2 сағатқа уақытша жабылған еді. Барлық рейс уақытша тоқтатылды.
Осыған байланысты әуежай тұрақты рейстер кестедегі уақытынан кешігуі мүмкін екенін ескерткен болатын.
Кейіннен сағат 18:43-тен бастап елорда әуежайы өз жұмысына қайта кірісті.
Авария самолета в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Астанада барлық әуе рейсі уақытша тоқтатылды
Жаңалықтар
0