Астана тұрғыны жақсылық жасаймын деп шығынға ұшырады

Қаскүнем пәтер иесінің телевизоры мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген
Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Астанада 25 жастағы қыз пәтер ақысын кейін төлеуге келіскен үй иесін тонап кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша жас қыз алты ай бойы пәтерін жалға алған.
"Бастапқы төрт айында жалдау ақысын уақтылы төлеп отырған, содан кейін қаржылай қиындықтар туындағандықтан, үй иесі төлемді уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген", - деп жазылған Астана қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Алайда қаскүнем қыз жақсылыққа жамандық жасап, пәтер иесінің телевизоры мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ АПБ қызметкерлері 25 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Дерекқор
Пәтерді жалға алғанда нені білу керек