Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйға тартылды

Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан тарихында спорттық гимнастикадан алғашқы медалді алған Нариман Құрбановқа жаңа көліктің кілті табыс етілді.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне Škoda Kodiaq көлігін Allur компаниясы сыйға тартты.

"Нариман ат үстіндегі спорттан жүлде алды. Соның құрметіне біз оған "темір ат" сыйлауды жөн көрдік, осы көлік Нариманның өмірінде сенімді көмекші болады және келесі Олимпиадада алтын алуға септігін тигізеді деп үміттенеміз!", - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нариман Құрбановтың сыйақысы белгілі болды