Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды

Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Астана да 16 тамыздан бастап Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.
Bus Lane-тің негізгі мақсаты – жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта № 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.
Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш.Айтматов көшесінде енгізілген болатын.