https://sputnik.kz/20240816/astanada-mangilik-el-dangylynda-bus-lane-iske-qosyldy-46371802.html
Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды
Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Астана да 16 тамыздан бастап Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 16.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-16T13:22+0500
2024-08-16T13:22+0500
2024-08-16T13:22+0500
астана
автобус
https://sputnik.kz/img/739/59/7395960_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_a454346b23eed473b5c10279c187648b.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Астана да 16 тамыздан бастап Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.Bus Lane-тің негізгі мақсаты – жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта № 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш.Айтматов көшесінде енгізілген болатын.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/739/59/7395960_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_643e7e7f33d9cb4263470b744727b6f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, автобус
Астанада Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Астана да 16 тамыздан бастап Мәңгілік ел даңғылында Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді.
Bus Lane-тің негізгі мақсаты – жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта № 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді.
Бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш.Айтматов көшесінде енгізілген болатын.