АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Абай облысында ерікті қоныс аударушы 4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Мемлекет қоныс аударушыға тұрғын үйді сатып алуға, құрылысқа немесе ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарнаны төлеуге 1 160 АЕК-тен аспайтын көлемде ақшалай материалдық көмек көрсетеді.
"Қоныс аударушы жеке пайда алу үшін үй иесінен баспананы сатып алмай, жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу арқылы жалған мәміле жасаған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, ал мемлекетке келтірілген залал өтелді.