Павлодарда қоныс аударушылардың қыруар қаржысы ұрланды – қылмыс схемасы жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жазылу
Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша қыруар қаржының ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлар қылмыс схемасын да жариялады. Оған сәйкес, үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген. Негізгі мақсат – шығынның жартысын алу. Себебі қоныс аударушылардың үйді сатып алуға кеткен шығынның жартысы өтеледі. Ал ол сома 4,2 миллион теңгеден аспауы шарт. Қайтарылатын ақшаны барынша соған сай етіп келтірген.
"Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған. Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. Тек 6 ауданда ғана 600 миллион теңгеге шығын анықталды", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық, аса ірі мөлшерде жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0