Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты

Шолпан-Атада төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік басшыларының аймақтық форумы басталды
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты.
Төтенше жағдайлар ведомстволары басшыларының аймақтық форумына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлері бастаған делегациялар қатысуда.
Орталық Азия елдері төтенше жағдайлар министрлерінің форумы
Талқылаудың негізгі тақырыптары – апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайлар саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ өңірдегі апаттар қаупін азайту бойынша Сендай бағдарламасын жүзеге асыру.
Баяндамашылардың қатарында халықаралық ұйымдардың өңірлік өкілдері де бар. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов өзінің құттықтау сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюда халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын айтты.
Орталық Азия елдері төтенше жағдайлар министрлерінің форумы
Бұл ретте Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев Орталық Азия аймағы табиғи апаттарға үнемі ұшырап отырғанын еске салды.
Орталық Азия елдері төтенше жағдайлар министрлерінің форумы
Мұндай шаралар ақпарат пен тәжірибе алмасу, халықты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан қорғау бойынша маңызды. Жиынға төтенше жағдайлар министрлерінен бөлек халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен БҰҰ агенттіктерінің өкілдері қатысты.