https://sputnik.kz/20240815/ortalyq-aziya-elderinin-totenshe-zhagdaylar-ministrleri-qyrgyzstanda-bas-qosty-46349733.html
Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты
Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты
Sputnik Қазақстан
Шолпан-Атада төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік басшыларының аймақтық форумы басталды 15.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-15T17:27+0500
2024-08-15T17:27+0500
2024-08-15T17:27+0500
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0f/46347320_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2eccac36a746ff23bec6da5e51b7e06d.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты.Төтенше жағдайлар ведомстволары басшыларының аймақтық форумына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлері бастаған делегациялар қатысуда.Талқылаудың негізгі тақырыптары – апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайлар саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ өңірдегі апаттар қаупін азайту бойынша Сендай бағдарламасын жүзеге асыру.Баяндамашылардың қатарында халықаралық ұйымдардың өңірлік өкілдері де бар. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов өзінің құттықтау сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюда халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын айтты.Бұл ретте Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев Орталық Азия аймағы табиғи апаттарға үнемі ұшырап отырғанын еске салды.Мұндай шаралар ақпарат пен тәжірибе алмасу, халықты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан қорғау бойынша маңызды. Жиынға төтенше жағдайлар министрлерінен бөлек халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен БҰҰ агенттіктерінің өкілдері қатысты.
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0f/46347320_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_4f8103dc5da416b2bd09002060c6cce7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия
Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты
Шолпан-Атада төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік басшыларының аймақтық форумы басталды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар министрлері Қырғызстанда бас қосты.
Төтенше жағдайлар ведомстволары басшыларының аймақтық форумына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлері бастаған делегациялар қатысуда.
Талқылаудың негізгі тақырыптары – апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайлар саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ өңірдегі апаттар қаупін азайту бойынша Сендай бағдарламасын жүзеге асыру.
Баяндамашылардың қатарында халықаралық ұйымдардың өңірлік өкілдері де бар. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов өзінің құттықтау сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюда халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын айтты.
Бұл ретте Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев Орталық Азия аймағы табиғи апаттарға үнемі ұшырап отырғанын еске салды.
Мұндай шаралар ақпарат пен тәжірибе алмасу, халықты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан қорғау бойынша маңызды. Жиынға төтенше жағдайлар министрлерінен бөлек халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен БҰҰ агенттіктерінің өкілдері қатысты.