Париж Олимпиадасы аяқталды

Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасты
Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындары аяқталды.
Салтанатты шара "Стад де Франс" стадионында өтті. Ойындардың төрт дүркін жеңімпазы Леон Маршан алауды жағып, "Стад де Франсқа" қарай бет алды.
Париждегі Олимпиада ойындарының жабылуы
Француз әнұраны шырқалған соң, Олимпиадаға қатысқан командалардың туын көтерушілер алаңға шықты. Олардың қатарында таэквондошы Батырхан Төлеуғали мен гимнаст Елжана Тәниева да болды. Одан кейін Олимпиада жарыстарына қатысқан спортшылар жүріп өтті. Диджейлер мен әншілер концерттік бағдарлама қойды.
Закрытие Олимпийских игр в Париже
Сондай-ақ көрермендерге ХОК спортшылар комиссиясының жаңа мүшелері таныстырылды.
Олимпиада әнұранынан кейін Олимпиада туы түсіріліп, артынанкелесі Олимпиаданы өткізетін АҚШ-тың әнұраны шырқалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Олимпиадада 7 медаль жеңіп алып, 43-орынға тұрақтады, ел қоржынына жалғыз "алтынды" Елдос Сметов салды.