Париж Олимпиадасы аяқталды

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаЗакрытие Олимпийских игр в Париже
Закрытие Олимпийских игр в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Жазылу
Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасты
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындары аяқталды.
Салтанатты шара "Стад де Франс" стадионында өтті. Ойындардың төрт дүркін жеңімпазы Леон Маршан алауды жағып, "Стад де Франсқа" қарай бет алды.
© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаПариждегі Олимпиада ойындарының жабылуы
Закрытие Олимпиады в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Париждегі Олимпиада ойындарының жабылуы
Француз әнұраны шырқалған соң, Олимпиадаға қатысқан командалардың туын көтерушілер алаңға шықты. Олардың қатарында таэквондошы Батырхан Төлеуғали мен гимнаст Елжана Тәниева да болды. Одан кейін Олимпиада жарыстарына қатысқан спортшылар жүріп өтті. Диджейлер мен әншілер концерттік бағдарлама қойды.
© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаЗакрытие Олимпийских игр в Париже
Закрытие Олимпийских игр в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Закрытие Олимпийских игр в Париже
Сондай-ақ көрермендерге ХОК спортшылар комиссиясының жаңа мүшелері таныстырылды.
Олимпиада әнұранынан кейін Олимпиада туы түсіріліп, артынанкелесі Олимпиаданы өткізетін АҚШ-тың әнұраны шырқалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Олимпиадада 7 медаль жеңіп алып, 43-орынға тұрақтады, ел қоржынына жалғыз "алтынды" Елдос Сметов салды.
Жаңалықтар
0