Екібастұзда 24 кенші отырған автобус жол апатына ұшырады

Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. "Богатырь" компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ",- деп хабарлады Павлодар облысы полиця департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді
Майқайың кенішіндегі апат: автобус жүргізушісінің денесі табылды