https://sputnik.kz/20240725/mayqayyn-kenishindegi-apat-avtobus-zhurgizushisinin-denesi-tabyldy-45878437.html
Майқайың кенішіндегі апат: автобус жүргізушісінің денесі табылды
Майқайың кенішіндегі апат: автобус жүргізушісінің денесі табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Майқайың кенішде шұңқырға құлаған автобус жүргізушісінің денесі табылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар... 25.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-25T17:28+0500
2024-07-25T17:28+0500
2024-07-25T17:28+0500
павлодар облысы
апат
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45861048_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_70ccd473ae28f334378c68bcf295d73c.jpg
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Майқайың кенішде шұңқырға құлаған автобус жүргізушісінің денесі табылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті."Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде сағат 16: 05-те экскаватор шелегінің көмегімен топырақты бұғаттаудан шығару барысында 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.Төтенше жағдайлар мамандары құтқару жұмыстарының аса ауырлықпен жүргізілгенін айтады.Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру және қауіпсіздіктерін үнемі қамтамасыз етіп отырған.Еске сала кетейік, биыл 4 қаңтарда адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45861048_235:0:1435:900_1920x0_80_0_0_02e00bbc79c88417f5b5fffd083f921e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, апат
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Майқайың кенішде шұңқырға құлаған автобус жүргізушісінің денесі табылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде сағат 16: 05-те экскаватор шелегінің көмегімен топырақты бұғаттаудан шығару барысында 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар мамандары құтқару жұмыстарының аса ауырлықпен жүргізілгенін айтады.
"Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және үлкен тәуекелмен жүргізілді. Тау жыныстары мен топырақ құлаумен болды. Жұмыстарға әртүрлі саланың 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді", - дейді төтенше жағдайлар мамандары.
Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру және қауіпсіздіктерін үнемі қамтамасыз етіп отырған.
Еске сала кетейік, биыл 4 қаңтарда адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.