Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Курск облысына шабуыл жасады – Ресей БҰҰ-ға шағым түсірді

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова БҰҰ Жоғары комиссарына шағым түсірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Москалькова Курск облысына жасалған шабуылдан кейін Украинаны терроризм үшін айыптауды талап етті.
"Украина қарулы күштерінің тарапынан Курск облысына жасалған шабуыл салдарынан мыңдаған бейбіт тұрғын зардап шекті...Мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарына үндеу жолдап, Украинаны терроризм үшін айыптауды және адам құқықтарын жаппай бұзуға жол бермеуді талап еттім", - деп жазды Москалькова өзінің Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, адам құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер жергілікті билікпен бірге уақытша орналастыру пунктерінде жұмыс істеп жатыр. Ол жерге Курск облысының тұрғындары жеткізілді. Москалькованың аппараты гуманитарлық көмекті жинауға да кірісті.
"Біздің ақпаратымыз БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың баяндамасына енгізіледі деп сенеміз. Оны қыркүйек айында жариялайды деп естідік", - дейді Москалькова.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды