https://sputnik.kz/20240805/ukraina-aqsh-tan-39-milliard-dollarga-grant-aldy-46106361.html
Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды
Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Киев Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар грант алды, бұл биыл Вашингтонның тікелей бюджеттік қолдауының бірінші... 05.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-05T15:59+0500
2024-08-05T15:59+0500
2024-08-05T15:59+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_0:116:3000:1804_1920x0_80_0_0_2835854d09e0a0c8feb68212b0baea43.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Киев Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар грант алды, бұл биыл Вашингтонның тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Елдің қаржы министрі Сергей Марченко 1 тамызда ел билігі Дүниежүзілік банкпен мемлекеттік бюджеттің өтімділігін қолдау туралы келісімге қол қойғанын және жақын арада АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар көлемінде тағы бір грант алуды күтетінін айтты.Ол бұл қаржы мұғалімдердің, дәрігерлердің, құтқарушылардың еңбекақысын төлеуге жұмсалатынын түсіндірді. Оның айтуынша, жалпы Украина биыл АҚШ-тан бюджеттік көмек ретінде 7,8 миллиард доллар алады деп күтуде.Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен өтеліп жатыр. Егер АҚШ Киевке көмектесуді тоқтатса, билік G7 елдеріне көмек сұрауға мәжбүр болады. 2023 жылдың қараша айының соңында Зеленский 43 миллиард доллардан астам тапшылығы бар Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.
ақш
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_339:0:3000:1996_1920x0_80_0_0_9aa194b2b45ef2576868d024164dacee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, украина
Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард долларға грант алды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Киев Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар грант алды, бұл биыл Вашингтонның тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Елдің қаржы министрі Сергей Марченко 1 тамызда ел билігі Дүниежүзілік банкпен мемлекеттік бюджеттің өтімділігін қолдау туралы келісімге қол қойғанын және жақын арада АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар көлемінде тағы бір грант алуды күтетінін айтты.
"Украина Дүниежүзілік банк арқылы АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды. Бұл АҚШ-тың 2024 жылғы тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы", - деп жазды Шмыгаль өзінің Telegram-арнасында.
Ол бұл қаржы мұғалімдердің, дәрігерлердің, құтқарушылардың еңбекақысын төлеуге жұмсалатынын түсіндірді. Оның айтуынша, жалпы Украина биыл АҚШ-тан бюджеттік көмек ретінде 7,8 миллиард доллар алады деп күтуде.
Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен өтеліп жатыр. Егер АҚШ Киевке көмектесуді тоқтатса, билік G7 елдеріне көмек сұрауға мәжбүр болады. 2023 жылдың қараша айының соңында Зеленский 43 миллиард доллардан астам тапшылығы бар Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.