Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 10,5%-ға өсті

Орталық Азия елдерінің өзара сауда айналымы $11 млрд шамасында болса, оның 70%-ы Қазақстанға тиесілі
Sputnik
АСТАНА, 10 тамыз– Sputnik. Былтыр Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 10,5%-ға өсті. Бұл туралы Астанада өткен "Орталық Азия + Жапония" диалогыбизнес-форумында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров айтты.
"Былтыр Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 10,5%-ға өсіп, $2,1 млрд-қа жетті. Елімізге Жапониядан тартылған тікелей инвестиция көлемі – $8 млрд. Алдағы уақытта жапон компанияларымен бірлесіп, энергетика, ЖЭК, білім саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Мақсат – еліміздің экономикасына ауқымды әрі сапалы инвестиция тарту", - деді ол.
Бизнес-форумға 450-ден астам делегат қатысты. Олардың көбісі Жапониядан келген түрлі қауымдастық өкілдері.
Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері Жапонияның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі саналады. Соңғы жылдары аймақтың экономикасы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Орталық Азия елдерінің өзара сауда айналымы $11 млрд шамасында болса, оның 70%-ы Қазақстанға тиесілі.
Орталық Азия елдері санкциялық саясаттың тұтқынына айналды – Мирзиёев