Орталық Азия елдері санкциялық саясаттың тұтқынына айналды – Мирзиёев

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Жазылу
Аймақ жаһандық "сенім дағдарысы" мен қақтығыстар шиеленісуінің жағымсыз салдарын толығымен бастан кешіруде
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Украина мен Таяу Шығыстағы оқиғалар Орталық Азияға тікелей кері әсер етіп жатыр, деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ консультативтік кездесуінде.
"Украина мен Таяу Шығыстың айналасында болып жатқан оқиғалар аймақтың тұрақты дамуына тікелей әсер етеді", - деді ол.
Оның айтуынша, аймақ жаһандық "сенім дағдарысы" мен қақтығыстар шиеленісуінің жағымсыз салдарын толығымен бастан кешіруде.
Сондай-ақ ол дәстүрлі сауда және көлік тізбегі бұзылғанын, логистикалық шығындар өскенін және инфляциялық қысым артып жатқанын айтты.
Сонымен қатар әлемдік капитал нарығындағы мүмкіндіктер азайып, протекционизм күшейіп, жаңа кедергілер пайда болуда.
Өзбекстан президенті Орталық Азия елдерін аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық тұжырымдамасын әзірлеуге шақырды.
"Орталық Азияның бүгіні мен ертеңі, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқаты көп жағдайда біздің ортақ күш-жігерімізге байланысты", - деп қосты Мирзиёев.
Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бір жылдан кейін Өзбекстанда бас қосады.
Жаңалықтар
0