Әлішер Ерғали жартылай финалға шыға алмады

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Әлішер Ерғали ширек финалға өткен болатын
Sputnik
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда Ерғали бахрейндік Ахмед Тажудиновпен кездесті. Қарсыласы бірден шабуылға шығып, бірнеше әдісін іске асырды. Ал Әлішер қарымта шабуылмен жауап берді. Екінші кезеңде қазақстандық палуан тағы төрт ұпай беріп қойды. Қорытынды есеп: 14:2. Тажудинов финалға шықса, Ерғали жұбаныш белдесуге қатыса алады.
Айта кетері, Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған. Олар – Юсуп Батырмырзаев (125 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі). Бұған дейін үшеуі жарыс жолынан шығып қалды.
Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали алғашқы қарсыласын жеңді