Бүкіл әлемде тұрмысқа шығатын қыздар киім таңдауға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Үндістанда тұрмысқа шығатын қыздар жалт-жұлт еткен киімдер мен әшекей бұйымдарды ұнатады. Олар мойындарына қатар-қатар моншақ және қолдарында көп білезік пен сақина тағады.
Нигериядағы қалыңдықтар "геле" деп аталатын ерекше бас киімімен мақтана алады. Ол бас киім әрқайсысының мәні бар үлкен моншақтармен безендірілген.
Қытайда қалыңдықтың дәстүрлі киімі інжу мен моншақтармен кестеленген жібек матадан тігіледі.
Бұл суреттер топтамасынан әлем елдеріндегі қалыңдықтардың дәстүрлі көйлектері, бас киімдері мен әшекейлері ұсынылған. Нейрондық желі оларды осылай сипаттап көрсетті.