АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық олимпиадашылар Нариман Құрбанов, Ислам Сәтбаев және Александра Ле елге оралды. Алматы әуежайында оларды туыстары мен жанкүйерлер қарсы алды.
Гимнаст Нариман Құрбанов Олимпиаданың тарихи күміс медалін жеңіп алды.
Қазақстандық 15.433 балл алып, екінші болды. 26 жастағы спортшы үшін Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты.
Александра Ле пневматикалық мылтықтан 10 метрге атудан Олимпиада ойындарының финалына шықты және алтыншы болды, ол іріктеуден сәтті өтті.
Бұған дейін спортшы қыз Ислам Сәтбаевпен бірге аралас командалар арасындағы жарыста қола жүлдеге ие болған. Спортшыларды Алматы әуежайында салтанатпен қарсы алды. Байрақты бәсекеде Қазақстанның туын көтерген спортшыларға көпшілік ілтипат көрсетті.