АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысында сібір жарасы инфекциясының таралуына қатысты ақпарат берді.
Приречное ауылында қауіпті аурудан 26 бас ірі қара мал өлген.
"Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп жазылған ақпаратта.
Ведомство жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен өлген жануарларды жою шаралары жедел қабылданғанын хабарлады.
Оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин енгізілді.