https://sputnik.kz/20240805/sibir-zharasy-qostanay-oblysyndagy-auylda-karantin-engizildi-46106020.html
Сібір жарасы: Қостанай облысындағы ауылда карантин енгізілді
Сібір жарасы: Қостанай облысындағы ауылда карантин енгізілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылында карантин енгізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік. 05.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-05T15:30+0500
2024-08-05T15:30+0500
2024-08-05T15:30+0500
ауыл шаруашылығы
қостанай облысы
карантин
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_0:0:2853:1605_1920x0_80_0_0_2afc136f7e5a8688c17300d419f25c19.jpg
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылында карантин енгізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.26 шілдеде Приречное ауылының "Алтай" серіктестігінде бірнеше ірі қара мал өлген. Сібір жарасына зерттеу үшін патологиялық материал облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілген.Оқиға болған жерге келесі күні ветеринарлар барып тексерген. Серіктестіктегі барлық жануарлар түрлері профилактикалық мақсатта сібір жарасына қарсы уақтылы вакцинацияланғаны анықталды, оның ішінде осы ірі қара малдың табыны биыл 27 сәуірінде иммундалған.Бүгінгі күні инфекция ошағында оқшаулау және жою іс-шаралары жүріп жатыр."27 сәуірінде "Алтай" ЖШС барлық жануарлар түрлері сібір жарасы диагнозын саралау үшін(далалық немесе вакциналанған) ІҚМ патологиялық материалы Астана қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберу туралы шешім қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық қажетті шаралар қосымша түзетілетін болады", - дейді әкімдік.Сібір жарасына қарсы күрес қағидаларына сәйкес карантин жануарлар өлім-жітімнің соңғы жағдайынан кейін 15 күн өткен соң, сондай-ақ қолайсыз пунктте барлық ветеринариялық іс-шараларды жүргізгеннен кейін алынады.Соңғы бес күнде ІҚМ арасында өлім-жітім тіркелмеген, жануарлардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері бар жануарлар байқалмайды, дейді облыстық әкімдік.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_272:0:2853:1936_1920x0_80_0_0_8ee15441e77108f91179e85f7843cf9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, қостанай облысы, карантин
ауыл шаруашылығы, қостанай облысы, карантин
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылында карантин енгізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
26 шілдеде Приречное ауылының "Алтай" серіктестігінде бірнеше ірі қара мал өлген. Сібір жарасына зерттеу үшін патологиялық материал облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілген.
Оқиға болған жерге келесі күні ветеринарлар барып тексерген. Серіктестіктегі барлық жануарлар түрлері профилактикалық мақсатта сібір жарасына қарсы уақтылы вакцинацияланғаны анықталды, оның ішінде осы ірі қара малдың табыны биыл 27 сәуірінде иммундалған.
"31 шілдедегі сынақ хаттамасына сәйкес облыстық ветеринариялық зертхана бактериология және ПТР әдісімен ІҚМ-дан сібір жарасына патологиялық материалдың оң нәтижесі бар сараптама актісін берді. Приречное ауылының аумағында, оның ішінде "Алтай" ЖШС карантин белгіленді", - дейді ведомство.
Бүгінгі күні инфекция ошағында оқшаулау және жою іс-шаралары жүріп жатыр.
"27 сәуірінде "Алтай" ЖШС барлық жануарлар түрлері сібір жарасы диагнозын саралау үшін
(далалық немесе вакциналанған) ІҚМ патологиялық материалы Астана қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберу туралы шешім қабылданды. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық қажетті шаралар қосымша түзетілетін болады", - дейді әкімдік.
Сібір жарасына қарсы күрес қағидаларына сәйкес карантин жануарлар өлім-жітімнің соңғы жағдайынан кейін 15 күн өткен соң, сондай-ақ қолайсыз пунктте барлық ветеринариялық іс-шараларды жүргізгеннен кейін алынады.
Соңғы бес күнде ІҚМ арасында өлім-жітім тіркелмеген, жануарлардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері бар жануарлар байқалмайды, дейді облыстық әкімдік.