Нұрбек Оралбайдың финалдық жекпе-жегі қашан өтеді

Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Париж Олимпиадасының финалына шыққан боксшы Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегі 8 тамыз 00:30-да өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жекпе-жек "Хабар"арнасының эфирінде көрсетіледі.
Айта кетері, 80 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен жеңді. Ал Александр Хижняк Куба өкілі Арлен Лопесті жарыс жолынан шығарды.
Украиналық боксшы 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған. Оған дейін Еуропа және Әлем чемпионы атаған.
Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты