Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты

© Photo : Минтуризма и спорта Казахстанабоксер Нурбек Оралбай
боксер Нурбек Оралбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі жекпе-жекте Оралбай доминикандық Кристиан Пиналеспен жұдырықтасты. Қызықты әрі тартысты жекпе-жекте Оралбай 3:2 есебімен жеңді. Осылайша, ерлер командасының жалғыз өкілі финалға шықты.
Айта кетері, Париж Олимпиадасына ерлер құрамасы барлық жеті салмақ бойынша жолдама ұтып алған еді. Алты боксшымыз- Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (62,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ал қыздар құрамасынан жалғыз Назым Қызайбай (50 келі) ғана қалды. Ол кешегі жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Жаңалықтар
0