Құтқарушылар Қостанайда балшықтан 19 адамды алып шықты

Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалды
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз - Sputnik. Қостанай облысында құтқарушылар 19 адамды балшықтан алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Сенбі күні түнде жауған қатты жаңбыр топырақты шайып кетіп, салдарынан Новое Завидное көлінде демалып жатқан қостанайлықтар балшыққа батып, көліктері тұрып қалған.
Құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты.
"Құтқарылған 19 адам, оның ішінде үш бала Қостанайға оралды. Оларға медициналық көмектің қажеті болмады", - деді ведомство.