Құтқарушылар Қостанайда балшықтан 19 адамды алып шықты

© Photo : МЧС КазахстанаМЧС спасает костанайцев из грязевого плена
МЧС спасает костанайцев из грязевого плена - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалды
АСТАНА, 4 тамыз - Sputnik. Қостанай облысында құтқарушылар 19 адамды балшықтан алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Сенбі күні түнде жауған қатты жаңбыр топырақты шайып кетіп, салдарынан Новое Завидное көлінде демалып жатқан қостанайлықтар балшыққа батып, көліктері тұрып қалған.
Құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты.
"Құтқарылған 19 адам, оның ішінде үш бала Қостанайға оралды. Оларға медициналық көмектің қажеті болмады", - деді ведомство.
Жаңалықтар
0