АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Қазақстандық Нора Джеруто финалға шықты, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.
Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл – Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі.
Финал тамыздың 6-сынан 7-сіне қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.