АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында әкесі екі баласымен және туысымен өзенге батып кетті, деп жазады "Диапазон" басылымы.
Басылымның жазуынша, ер адам балаларды құтқармақ болған. Бірақ өзі де батып кеткен.
Қайғылы оқиға Жүргенов ауылында болған.
Ырғыз өзеніне бірден төрт адам – 7, 11 және 13 жастағы балалар мен 39 жастағы ер адам батып кеткен. Ер адам үш баланы құтқармақ болған. Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы.
Балалар өзенде ата-аналарымен бірге болған.
Мәйіттерді іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар қатысқан. Кейін оларды судан алып шықты.