https://sputnik.kz/20240731/selfi-zhasamaq-bolgan-turkistan-oblysynda-suga-batyp-ketken-qyz-tabyldy-46002254.html
Селфи жасамақ болған: Түркістан облысында суға батып кеткен қыз табылды
Селфи жасамақ болған: Түркістан облысында суға батып кеткен қыз табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданында суға батып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше... 31.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-31T19:09+0500
2024-07-31T19:09+0500
2024-07-31T19:15+0500
түркістан облысы
мәйіт
селфи
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43345594_0:144:3131:1905_1920x0_80_0_0_f30d3c5940e5830d93462b714fe7cc2f.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданында суға батып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Оқиға 28 шілдеде болған. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі "Сайрам-Өгем" аумағына Сайрам-су тау өзеніне 16 жастағы қыз ағып кеткен туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Ол селфи жасамақ болған.Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.Марқұмның денесі үшінші күні 31 шілдеде табылды.“Төле би ауданының аумағында іздеу жұмыстары таңғы сағат алтыдан басталды. Қыздың мәйіті 16:10-да табылды. Құтқарушылар алып шығып, полицияға тапсырды”, - дейді ТЖД.Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, шомылу маусымы басталғалы 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен. Бұл - министрліктің 16 шілдеге дейінгі ақпараты.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43345594_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_754118dc488e5a00f416903ce7976c0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, мәйіт, селфи
түркістан облысы, мәйіт, селфи
Селфи жасамақ болған: Түркістан облысында суға батып кеткен қыз табылды
19:09 31.07.2024 (жаңартылды: 19:15 31.07.2024) АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданында суға батып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 28 шілдеде болған. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі "Сайрам-Өгем" аумағына Сайрам-су тау өзеніне 16 жастағы қыз ағып кеткен туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Ол селфи жасамақ болған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.
Марқұмның денесі үшінші күні 31 шілдеде табылды.
“Төле би ауданының аумағында іздеу жұмыстары таңғы сағат алтыдан басталды. Қыздың мәйіті 16:10-да табылды. Құтқарушылар алып шығып, полицияға тапсырды”, - дейді ТЖД.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, шомылу маусымы басталғалы 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен. Бұл - министрліктің 16 шілдеге дейінгі ақпараты.